«Жыл сайын өткізілетін бұл жұмыста барлық балық шаруашылығы ұйымдары жүзеге асырады. Бұл еліміздің су айдынындағы балық түрлерінің санын реттеу үшін маңызды», - деді қала әкімдігінен.
Бұқтырма уылдырық шашу-өсу шаруашылығының инкубациялық цехтарынан Есіл өзеніне 100 мың ақ амур, 96 798 тұқы балығының шабағы жіберілді.
Күз – өзенді балыққа толтырудың ең жақсы кезеңі. Балық шабақтары Есіл өзеніне арнайы жабдықталған көліктермен тасымалданды.
Балықтандыру процесі балалар-жасөспірімдер туризмі және өлкетану орталығы жанындағы экология үйірмесінің 8-сынып оқушылары мен елорда тұрғындарының, сондай-ақ Астананың қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасы; Есіл облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы; су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы; қалалық экология департаменті; Ақмола облысы бойынша «Қазақбалықшаруашылығы» балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі; «Жаснұр»ЖШС мен «Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы» ЖШС өкілдерінің қатысуымен өтті.