Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 2023 жылғы 13 желтоқсанда спорт сарапшыларының қатысуымен жасөспірімдер Олимпиадасы мен Жазғы Олимпиада және Паралимпиадаға Ұлттық құрама командаларының жұмысын ұйымдастыруға арналған штаб құру туралы министрліктің бұйрығы қабылданған болатын.
Аталған штаб Мемлекет басшысының Туризм және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті және спорт федерациялары бірлесе жұмыс істеу керек деген тапсырмасын орындау мақсатында құрылды. Штабтың негізгі жұмысы – спортшылардың алдағы жарыстарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету. Штаб барлық кешенді жарыстар аяқталғанға дейін тұрақты негізде жұмыс істейтін болады.
Штабтың құрамына 6 адам кірді:
- Қанағатов Е.Б. - ҚР ҰОК спорт департаментінің директоры;
- Сәпиев С.Ж. – ҚР ҰОК Бас хатшысының орынбасары;
- Ахметшәріп Д.С. – қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөнінде министр кеңесшісі;
- Нұрсафина А.Т. – Қазақстан Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК көркем гимнастикадан команда басшысы;
- Алдонғаров Н.Ж. – Қазақстан Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК спорттық өрмелеуден команда басшысы;
- Қиятбай Б.Б. – «Ұлттық конькишілер федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің спорттық директоры.
Іс-шараға Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері және биылғы әлем біріншіліктері мен халықаралық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері, спорт журналистері қатысты.