Сағат 13:00-ден 16:00-ге дейін Қонаев көшесі бойынша Қабанбай батыр даңғылынан Орынбор көшесіне дейін қозғалыс жабылады.
Қазақстан құрамасының мүшелері жүрген арнайы колоннамен еріп жүру кезінде Орынбор көшесі бойынша Сығанақ көшесінен Сарайшық көшесіне дейін, сондай-ақ Қошқарбаев көшесі бойынша М1 көпірінен бастап Тәуелсіздік даңғылына дейін, Тәуелсіздік даңғылы бойынша Қошқарбаев көшесінен бастап Нәжімеденов көшесіне дейін қозғалыс шектеледі.
Обаған көшесі Қошқарбаев даңғылынан бастап Нәжімеденов көшесіне дейін күні бойы - сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін жабық болады.