Дүйсенбі, 25 маусым күні Астанада Өндіріс аймағы-30-да металды-пластикалық бұйымдарды дайындау бойынша цехта «Прожекстаил» ЖШС-нің 27 жастағы жүргізушісі тілінген жарақаттар алды. Ер адам ауруханаға жеткізілді.
Сол күні Астанада Сарайшық көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында жаңадан салынып жатқан қонақ үйде құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында «Базис» ҚК ЖШС-нің бетоншысы екінші қабаттан құлап кетті. 1978 жылғы ер адам ауруханаға жеткізілді.