«Өндіріс» тұрғын алабының жұмыссыз жүрген тұрғындарын қамту үшін бүгінгі жәрмеңкені осында өткізуге шештік. 5 ұйым шақырылды, негізінен, құрылыс секторынан. Себебі, Астана өсіп-өркендеп келеді. Жұмыс берушілер тарапынан құрылысшыларға деген сұраныс көп», - деді Астана қаласы әкімдігі «Жұмыспен қамту орталығы» ҚММ жұмыссыздарды қабылдау және жұмысқа орналастыру бөлімі басшысының орынбасары Ұлан Наушабеков. Бұл туралы astana.kz хабарлады.
Бұдан басқа, жәрмеңкеде Сарыарқа ауданының прокуроры Еркеболат Серікбаев «Өндіріс» тұрғын алабында көшпелі қабылдау жүргізіп, азаматтарға әлеуметтік мәселелер (тұрғын үймен қамту, жәрдемақылар тағайындау және т.б.) бойынша кеңестер берді.
Сонымен қатар, жәрмеңкеде Жұмыспен қамту орталығының мамандары түрлі мәселелер бойынша кеңес береді, қайта оқыту және жаңа мамандық алудың мүмкіндіктері, оқу орындарының түлектеріне жастар тәжірибесінен өту мүмкіндіктері туралы және жалпы «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде басқа да мемлекеттік қолдаулар туралы айтылуда.