Осы бір ерекше шараға қазақ халқының ұлттық өнерін жетік меңгерген этностық топтардың өкілдері қатысып, өз өнерлерін ортаға салады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2015 жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланғаны белгілі. Осыған орай елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың өкілдері көптеген мәдени іс-шаралар өткізген болатын. Міне, енді өнер фестивалі өткелі тұр.
Бұл шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырып отыр.
Аталған гала-концертке мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары шақырылды.