Полиция департаменті ҚК-тің 277-ші бабының 3-бөлігіне («Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу») сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.
Тергеу барысында жұмыс беруші – ЖК басшысының қызметкерлердің қайтыс болуына қатысы бар екендігі туралы дәлелдер жиналды.
Қала прокуратурасының тапсырмасы бойынша тергеу органы ЖК басшысына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды.
Құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық адамдарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қылмыстық істі тергеу барысы қала прокуратурасының бақылауында.