Астанада «Оралмандарды әлеуметтік қолдау және оларды қоғамға бейімдеу іс-қызметін ұйымдастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ертең Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Оралмандарды әлеуметтік қолдау және оларды қоғамға бейімдеу іс-қызметін ұйымдастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, шараның мақсаты Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Елордамызда алыс және жақын шетелдерден қоныс аударған оралмандарға құқықтық, ақпараттық, рухани, психологиялық, тілдік көмектер көрсету арқылы олардың жаңа ортаға кірігіп, қоғамдық өмірге еркін араласуына мүмкіндік жасау. Олардың қоғамдық белсенділігін арттыру бағытында іске асып жатқан «Оралмандарды әлеуметтік бейімдеу және қолдау қызметін ұйымдастыру» атты әлеуметтік жоба барысында көтерілген басты проблемалар мен қойылған сұрақтар, пікір-ұсыныстарды талдау. Көші-қон саясатының құқықтық, әлеуметтік, экономикалық салаларына баға бере білу арқылы оны дамытуға, жетілдіруге нақтылы ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Айта кетейік, шара «Алматы» іскерлік үйінде сағат 16:00-де басталады. Оған ғалымдар, мемлекеттік органдардың өкілдері, оралмандар, БАҚ және қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысады.