Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт сағат 15.00-де сөндірілді. Тілсіз жауды ауызқдықтауға ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша өртті сөндіру қызметінің 23 адамы мен 4 техникасы, ҚР ТЖМ «ЦМК» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын 100 шаршы метрді шарпыды. Өрттің салдарынан күйік шалған 30 жастағы және 69 жастағы екі ер адам ауруханаға жеткізілді.