Астанада өрт салдарынан екі адам қайтыс болып, төрт адам уланып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат -АстананыңТынышбаев көшесінде орналасқан 4 және 5 қабатты үйлердің бірінде орын алған өрт салдарынан төрт адам иіс тиіп, уланып қалды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Оқиға кеше 20.40 кезінде орын алған. Отқа оранған аумақтағы адамдарға көмек көрсету үшін 31 құтқарушы жұмылдырылды. Иіс тиген төрт адамның екеуі ауруханаға жеткізіліп, қалған 12 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оның 3-еуі кәмелетке толмаған балалар.