Астанада өрт салдарынан жатақханадан 60 адам көшірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 9 наурызда сағат 19-58-де жатақхананың 5-қабатындағы бөлмеде өрт шықты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Өрт сағат 20.29-да сөндірілді. Жалын 12 шаршыметр аумақты шарпыды. Оның салдарынан 2 адам түтін иісіне уланып, ауруханаға жеткізілді. 7 адам құтқарылды, оның біреуі - бала. Барлығы 60 адам көшірілді, олардың ішінде - 17 бала бар.