Астанада өрт шалған 9 қабатты үйден 50 адам қауіпсіз аймаққа көшіріліп, 2 адам ауруханаға жеткізілді

None
АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Елордалық «Алматы» ауданында 4-ші қаңтардан 5-ші қаңтарға қараған түні Жұмабаев көшесіндегі 9 қабатты үй өртенді.

Өрт 4 қабат деңгейіндегі  лифтіден шыққан. Өрт 03. сағат 57 минут кеткенде сөндірілді. Бұл туралы ҚР ТМЖ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

 Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Астана қаласының ТЖД 27 адамнан тұратын арнайы құрамы мен өрт сөндіру қызметінің 6 техникасы жұмылдырылды. 50 адам, оның ішінде 15  бала қауіпсіз аймаққа көшірілді. Оқиға болған жерде 56 жастағы ер адам мен 63 жастағы әйел адам газдан уланып, ауруханаға жеткізілді.