Өрт 4 қабат деңгейіндегі лифтіден шыққан. Өрт 03. сағат 57 минут кеткенде сөндірілді. Бұл туралы ҚР ТМЖ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Астана қаласының ТЖД 27 адамнан тұратын арнайы құрамы мен өрт сөндіру қызметінің 6 техникасы жұмылдырылды. 50 адам, оның ішінде 15 бала қауіпсіз аймаққа көшірілді. Оқиға болған жерде 56 жастағы ер адам мен 63 жастағы әйел адам газдан уланып, ауруханаға жеткізілді.