Астанада өрт шалған іскерлік орталығынан 11 адам құтқарылды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Жеңіс даңғылы бойында орналасқан «Жеңіс» іскерлік орталығы өртеніп, 11 адам құтқарылды, деп хабарлады бүгін астаналық ТЖД баспасөз қызметінен.

Құтқарушылардың ақпараты бойынша, өрт туралы хабарлама сағат 15.14-те келіп түскен. Оқиға орнына келген сәтте «Жеңіс» іскерлік орталығының үшінші қабатында 60 шаршы метр алаңда үш бутиктің терезесі жанған.

«Құтқарушылардың тыңғылықты жұмысының арқасында 11 адам құтқарылды», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Төтенше оқиғадан 1974 жылы туылған ер адам зардап шекті. Оның денесін І, ІІ дәрежелі күйік шалды. Өрт сағат сағат 16.22 минутта ауыздықталды. Өртті сөндіруге Астана қ. ТЖД өртке қарсы қызметінің 16 техникасы және жеке құрамынан 30-ға жуық адам жұмылдырылды.

«Қазір оқиға орнында тергеушілер жұмыс жүргізуде. Өрттің себебі мен келген шығын көлемі анықталуда», - деп түйіндеді баспасөз қызметінен.