Астанада өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша қысқы чемпионат мәресіне жетті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Құлагер» спорт кешенінде өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ел бойынша қысқы чемпионат мәресіне жетті. Еліміздің әр өңірінен келген 28 құраманың спортшылары екі спорт түрі бойынша өзара сынға түсті, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ комитетінен.

Сайста 4-қабаттың терезесіне шабуыл сатысы бойынша көтерілу (ерлер) және оқу мұнарасының 2-қабатының терезесіне шабуыл сатысы бойынша көтерілу (әйелдер), 100 метрлік кедергілері бар жолақты жүгіріп өту.

Әйелдер арасында шабуыл сатысы бойынша көтерілуден бірінші орынды астаналық Бараник Камила жеңіп алса, 2-ші орынды Оңтүстік Қазақстан облысынан келген спортшы Колотова Марина, 3-ші орынды ШҚО-дан келген Зиновьева Александра иеленді. Ал ерлер арасында шабуыл сатысы бойынша көтерілуден 1-ші орынды Ілиясов Асылзат, 2-ші орынды Агафонов Дмитрий (ШҚО), 3-ші орынды Сулейменов Бахыт (Ақмола обл.) жеңіп алды. Қазақстанда өрт сөндіру-құтқару спорты қарқынды дамып келеді. Құрамалар арасында ел ішінде де, шетелде де жарыстар жиі ұйымдастырылып тұрады. Өткен жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Х-шы әлем чемпионаты өтті, бұл біздің елімізде спорттың осы түрін жандандырды.Чемпионатта Қазақстандық құрама команда ерлер арасында жауынгерлік қанат жаю жарысында үздік атанып, алтын медальді қанжығаларына байлаған болатын. Өрт сөндіру-құтқару (немесе өрт - қолданбалы) спорт түрі төзмділікке, ептілікке, әрекеттерді бақылауға үйрететіні белгілі. 2013 жылы дүниежүзіндегі алғашқы әйелдер құрамасы құрылған болатын, бұл осы спорттың дамып келе жатқандығының тағы бір айғағы, делінген хабарламада.