«11 мамыр күні сағат 15.01 шамасында Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру бөлімшелеріне Ақмешіт-Сығанақ көшелерінің қиылысында жаңа ғимараттан қара түтін көрінгені туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер салынып жатқан тұрғын үй кешенінің аумағында битум және сыртқы қаптаманың жанып жатқанын анықтады», - делінген хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай, өрт сағат 15.17-де оқшауланды.
Зардап шеккендер жоқ.
Еске сала кетейік, біраз уақыт бұрын елорданың сол жағалауында салынып жатқан тұрғын үй кешені отқа оранғанын хабарлаған едік.