Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл шараны Парламент Мәжілісі мен ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырғалы отыр.
Орталық Азия, Ресей және Ауғанстан елдерінен жүзден астам депутаттар, сарапшылар, ғалымдар мен саясаткерлер аймақтық қауіпсіздік және экономикалық ынтымақтастық проблемаларын шешудің негізгі жолдарын талқылайды.
Шараның басты мақсаты - орталықазиялық елдер мен Ауғанстан арасындағы одан әрі ынтымақтастықты дамыту, соның ішінде аймақтық ынтымақтастықты дамытуда парламентшілердің рөлін арттыру жөнінде кеңінен пікір алысу болмақ.