Астанада Орталық Азияның франчайзинг көрмесі өтеді

None
АЛМАТЫ. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Астанада алдағы жылдың 18-20 сәуірінде V «FranchExpo Central Asia 2012» халықаралық көрмесі өтеді.

Бұл бүгін Алматыда өткен «Қазақстандағы франчайзингтің 2012 жылғы дамуын моделдеу» деп аталатын дөңгелек үстел жиынында айтылды.

Орталықазиялық бұл шараны «Итека» көрме компаниясы мен Қазақстан франчайзинг одағы ұйымдастырғалы отыр. Ол көрме-конференция пішінінде болмақ. Конференция жұмысы «Қоғамдық тамақтандырудағы франчайзинг», «Туристік саладағы франчайзинг», «Сұлулық индустриясындағы франчайзинг», «Ритейлдегі франчайзингтің ерекшеліктері», «Денсаулық сақтаудағы франчайзинг» деген тақырыптағы секциялар бойынша жүргізіледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ «Франчайзинг уақыты» байқауының жеңімпаздары марапатталады. «Итека» компаниясының ресми өкілдерінің айтуынша, оған қазірдің өзінде АҚШ, Грекия сияқты елдер қатысатынын мәлімдеген. Жалпы бұл шара енді Астана мен Алматы қалаларында жыл сайын кезекпен өткізілмек. Қазіргі таңда Астана инвестиция игеру жағынан Қазақстанда 1-орында келе жатыр.