Астанада орташа айлық жалақы 148 474 теңгені құрады
16:52, 18 Қазан 2013
АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Елордада бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қыркүйек айында 148 474 теңгені құрады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Статистика департаментінен хабарлады.
Қыркүйек айындағы көрсеткіш тамыз айымен салыстырғанда 8,7%, нақты көріністе 8,6% төмендеген.
Айта кетейік, жалақыдағы айырмашылықтар қызметтің түрлі салаларындағы жұмыскерлерге тән.
«Жалақының ең жоғары мөлшері қаржы және сақтандыру қызметінде - 301 321 теңге, ең төменгі мөлшері әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметте - 88 406 теңге белгіленді», - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, ірі және орта кәсіпорындардағы орташа айлық атаулы жалақы үстіміздегі жылғы қыркүйекте 149609 теңгені құрады.