Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шараны аталған министрлікпен бірге П.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжі, А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі, О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі, Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжі ұйымдастырғалы отыр.
Шығармашылық ұжымдардың концерті Астананың 2012 жылы ТМД мен бүкіл түркі әлемінің мәдени елордасы атануына орай және «Кәсіби білім және бизнес: әріптестер диалогы» атты халықаралық форум аясында өткізіледі.
Есепті концерт колледждер студенттері үшін үлкен өнер әлеміне алғашқы қадам болмақ.