8-10 қазан аралығында қуыршақ театрында Салаевтың «Волк и телёнок» қойылымы көрсетіледі.
«Nomad City Hall» МКҚК-да 5 және 6 қазанда Оралхан Бөкейдің «Ауыл хикаялары» спектакльдері, сондай-ақ 8 және 9 қазанда екі концерт өтеді.
Алдымен Алматы қаласының мемлекеттік Республикалық академиялық корей музыкалық комедия театрының қатысуымен Корей дәстүрлі мәдениетінің концерті, одан кейін Кореядан келген орындаушылардың қатысуымен қазіргі заманғы K-Pop музыкасының музыкалық кеші.
4 және 10 қазан күндері «Наз» мемлекеттік би театрында «Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар» тақырыбында дәріс және Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған «Сәулелі ойдың кеніші» тақырыбында әдеби іс-шара өтеді.
М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 6-9 қазан аралығында келесі қойылымдары өтеді: А.Болдиновтың «Приключения Аистенка» ертегісі, М. Макдонахтың «Человек-подушка» қара детективі және Р. Кунидің «Смешные деньги» комедиясы.
«Жастар театрында» 5-10 қазан аралығында Б. Соқпақбаевтың «Көзіме бір көрінсең, бала ғашық...», С.Астраханцевтің «Достық пен қулық» ертегісі, сонымен қатар Б.Бекжановтың «Өмір» және Н.Жақыпбайдың «Жанарымдағы жалғыз әуен» драмалары қойылды.
Іс-шаралар орталықтандырылған кітапхана жүйесінде жоспарланған. 4 және 7 қазан күндері №4 бұқаралық кітапханада «Қазақстан – бейбітшілік пен келісім өлкесі» және №3 балалар кітапханасында «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» кітап көрмелеріне шолу жасалады. 8 қазан күні №8 балалар кітапханасында «Жизнь проживу я не зря... Поэтом Касымом я буду всегда!», ал ОҚК қызмет көрсету бөлімінде «Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп» поэтикалық минуты.
9 қазан күні № 10 бұқаралық кітапханада «Қазақ аспанында – Қасым рухы» атты әдеби подиум, ал №12 бұқаралық кітапханада «Пишу все, кроме доносов» атты виртуалды кітап көрмесі өтеді.
Келесі күні №7 бұқаралық кітапханада «Ақынның ақындығы – арда ғана» атты библио-бар, №12 бұқаралық кітапханада «Стихи мое счастье и гордость моя» атты кітап көрмесін, №3 бұқаралық кітапханада «Сәулелі ойдың кеніші» атты шығармашылықты насихаттауды ұйымдастырады.
Сондай-ақ, №5 бұқаралық кітапханада «Борьба с коррупцией: решительные меры» кітап көрмесі, №4 балалар кітапханасында «Вредные привычки: стоит ли начинать?».
Сонымен қатар, коворкинг орталығы «Замандас 21» аула клубының кітапханасында ағылшын тілі, арт-терапия, шахмат және тоғызқұмалақ үйірмелері бар.
Осы аптада Сәкен Сейфуллин музейі қорындағы құнды жәдігерлерді насихаттау және аты аңызға айналған қазақ ақыны ашқан мектептермен танысу мақсатында іс-шаралар өтеді.
Видео-экскурсиялар, әдеби кештер және онлайн фотокөрмелер жоспарланған.
7 және 10 қазан күндері саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде келесі іс-шаралар жоспарланған: «Қазақ өнерінің саңлағы» (Досхан Жолжақсыновтың мерейтойына орайластырылған) тақырыбындағы бейнеролик, «Разве это забудешь...» көрмесі ХХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы қайғылы оқиғалар туралы баяндайды.
Мақсаты – тоталитарлық жүйенің жазықсыз құрбандарына қатысты әділеттілікті қалпына келтіру, өскелең ұрпақтың бойында патриотизм мен адамгершілік сезімдерін қалыптастыру, мұражай қызметін танымал ету.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының халық әні бөлімінің «Назқоңыр» дәстүрлі ән кеші «Қорқыт» этно-ансамблінің және «Шалқыма» халық би ансамблінің қатысуымен 8 қазан күні «Астана» концерт залында өтеді.
«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені осы аптада онлайн форматта ақын, жазушы, аудармашы, сценарист, кинорежиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Қанапиянов, Халықаралық дәрігерлер күні, Мұқан Төлебаевтың «Біржан Сара» лирикалық-драмалық қазақ тілінде төрт қойылымдық операсының қойылғанына 75 жыл толуы, кәсіподақ күні туралы баяндайды, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дәріс өткізеді.
8 қазан күні тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету дирекциясында «Қоғам қайраткері, этнограф Ж. Ақбаевтың 145 жылдығы» онлайн сабағы өтеді.
6 қазанда «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы елордалықтар мен қала қонақтарының назарына «Дүниежүзілік сәулет күні» ролигін ұсынады.
Айта кету керек, іс-шаралар санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өткізіледі.