Қала тұрғындары мен қонақтары үшін 20 мамыр - 30 тамыз жұмыс күндері сағат 14:00-18:00, демалыс күндері сағат 12:00-16:00 аралығында Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында «Саябақтың жеті кереметі» атты «Астаналық», «Жерұйық», «Студенттер» саябақтарында іс-шаралар өтеді.
1 маусымнан 2 қыркүйекке дейін сағат 15:00 мен 19:00 аралығында әр жексенбі күні отандық танымал әншілердің қатысуымен «Думанды Сарыарқа» атты қаланың тұрғын алаптарында концерт өтуде.
30 шілде - 5 тамыз сағат 10:00-18:00-де ҚР Өнер академиясының «Астана - арман қала» атты қолданбалы және көркем сурет көрмесі, фотожурналист, жергілікті тарихшы Нұрмұхамат Имамовтың шығармашылығына арналған көрмесі және «Ақанаевтар әулеті» атты жеке көркем көрмесі, «Жаңа бастау» С. Мүсіреповтың жеке көрмесі өтуде.
30 шілде - 5 тамыз аралығында сағат 16:00-де қалалық циркте Никулин атындағы Мәскеу циркі әртістері «Пленета 13» қойылымымен қала тұрғындары мен қонақтарын қуантатын болады.
30 шілде, сағат 19:00-де «Астана Опера» театрында «Gala De Paris» балеті қойылады.
31 шілде, сағат 19:00-де Конгресс-орталығында Ninety One тобының концерті өтеді.
1 тамыз, сағат 19:00-де «Астана Опера» театрында (камералық зал) «По страницам камерной музыки ХХ века» концерті өтеді.
2-5 тамыз, сағат 19:30-да «Этноауыл» Ұлттық мәдени кешенінде «Алпамыс» театрландырылған цирктік шоуы өтеді.
4 тамыз, сағат 20:00-де Конгресс-орталығында белгілі әнші, рэпер Jah Khalib концерт өткізеді.
4-5 тамыз, сағат 12:00, 14:00-де Қуыршақ театрында А. Салаеваның «Байқа жолда балақай» қойылымы қойылады.
4-5 тамыз, сағат 10:00-18:00 аралығында Тәуелсіздік сарайында «GEEK CON Astana 2018» фестивалі өтеді.
5 тамыз, сағат 10:00, 17:00-де Астана қаласының «Жерұйық», «Астаналық, «Президенттік», «Студенттік», Астана триатлон саябақтарында «Fitness Park Astana» бағдарламасы бойынша спорттық іс-шаралар өтеді.
5 тамыз, сағат 12:00-де «Мәңгілік Ел» монументінде «Мир безграничных возможностей» зағип және нашар көретіндердің қатысуымен «Астана-Париж» атты велошеру басталады.