Астанада осы маусымдағы Қазақстандағы ірі халықаралық теннис турниры өтеді

АСТАНА. 22 шілде. ҚазАқпарат - 25-31 шілде аралығында Астанада осы маусымдағы Қазақстандағы ірі халықаралық тенннис турниры - ерлер үшін АТР және әйелер үшін ITF «Президент кубогы» жарысы өтеді.

Жүлде қоры 225 000 АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Турнирге әлемнің 30-дан астам елінің спортшылары қатысады.