«Мемлекеттік және жеке серіктестің арқасында біз «Астана жаңа қала» Арнайы экономикалық аймақта қазіргі заманғы кешенді салдық. Бірінші кезекте, осында Zoje брендінің тігін құрылғыларын құрастыру жүргізіледі. Жобаны іске асыру кәсіби жабдықтармен қамтамасыз етуге, Қазақстандағы және ТМД-дағы жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына сервистік және консалтингтік қызметтер көрсетуге мүмкіндік берді», - деді "ASTANA Ютария Ltd" инновациялық өндірістік компаниясы» ЖШС бас директоры Сәуле Шәуенова
Оның сөзіне қарағанда, кешенде трикотаж, жылына 1 млн. дана тігін бұйымдары шығарылады. Өндіріс толық қуатына шыққанда 500 жұмыс орны құрылатын болады.
"ASTANA Ютария Ltd" инновациялық өндірістік компаниясы» отандық жеңіл өнеркәсіп үздіктерінің бірі. Бүгінде ол отандық кәсіпорындарды әлемге әйгілі Zoje брендінің тігін машиналарымен толықтай қамтамасыз етеді. Бұдан былай республикада автоматтандырылған, шығыны аз, өнімділігі жоғары тігін машиналары шығарылады. Бір терезе қағидасы бойынша тігін машиналарын орнату, кеңестік қызмет көрсету, құжат дайындау жұмыстары қосымша жүргізіледі. Сондай-ақ, фабрика тігін және трикотаж өнімдерінің бірнеше түрін шығарады. Жеңіл өнеркәсіп өнімдерін жобалауда инновациялық тәсілдер, бұйымдар жасауда нанотехнологиялар қолданылады. KazTeксExpo автоматтандырылған өндірістік кешені "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде құрылған баламасыз жоба.