«Астанада отандық құрылыс өнімдерінің таныстырылымы өтті

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана Бас жоспары» ЖШС ғимаратында елордалық Кәсіпкерлер палатасы қалалық әкімдіктің Сәулет және қала құрылысы басқармасының ұйымдастыруымен отандық құрылыс өнімдерінің көрсетілімі өтті. Аталмыш шараның басты мақсаты - отандық тауар өндірушілердің жұмысын насихаттау.

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Шара аясында бірнеше елордалық компания өз өнімдерін таныстырды. Солардың ішінде инновациялық технологиялар арқылы «Симполит жүйе» атауымен құрылыс материалдарын шығаратын «AS BEREKE» ЖШС бар. Бұл «Симпролит» полистирол бетонын қолдану арқылы заманауи ғимарат құрылысын жүзеге асыратын инновациялық жүйе.

Сонымен қатар, шараға алюминий терезелер мен есік жақтауларын құрастыратын "ALUGAL" компаниясы қатысты. Аталмыш кәсіпорын Қазақстан нарығында 10 жылға жуық уақыт бойы жұмыс істеп келеді және өз өнімдерін Ресей мен Қырғызстан елдеріне экспорттайды. Компанияның маркетинг жөніндегі директоры Нариман Мақажановтың айтуынша, мұндай шаралар көптеген жобалау мекемелеріне өнімдерін көрсетіп, аудиторияны отандық құрылыс тауарларымен етене таныстыруға жол береді.