Астанада отандық тамақ өнеркәсібінің көрмесі ашылды

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Көрме» орталығында «InterFood Astana» атты қазақстандық тамақ өнеркәсібінің көрмесі ашылды.

Оған шұжық, май, кәмпит, нан өнімдері және тамақ өнеркәсібі техникасын шығарушы компаниялар қатысуда. Үшкүндік көрме аясында «Деларук Астана - 2013» атты аспазшылардың II Халықаралық фестивалі басталды. Оның қорытындысы 19 сәуір күні шығарылады. Сондай-ақ тамақ өнеркәсібінің бүгінгі мәселелеріне арналған жиындар ұйымдастырылмақ.