Астанада отандық және ресейлік жұлдыздардың концерті өтетіндігі туралы ақпарат – фейк

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 8 мамыр күні «Барыс-Арена» сарайында отандық және ресейлік эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді деген ақпарат – жалған. Бұл туралы «MTEX management» басқарушы компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компания астана тұрғындары мен қонақтарына әлеуметтік желілерде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

«MTEX management» бұл шараның ұйымдастырушысы емес. Ондай шара өткізуді жоспарлап отырған жоқ және жалған ақпараттың таралуына жауап бермейді», - деп мәлімдеді компания.

Сондай-ақ, mtexm.com сайты мен әлеуметтік желідегі @mtex_management парақшасында жарияланатын ресми ақпараттарға ғана сенуді сұрады.