«Жас педагогтар өнертану магистрі, режиссер-хореограф, «Жастар жалыны-2013» қалалық конкурсы Гран при иегері, «FiestaloniaKazakhstan -2014» халықаралық конкурсынлда 1-ші орын алған Ләззат Өкеева және өнертану магистрі, педагог-хореограф Элеонора Жұмадиярова өздерінің авторлық және педагогикалық жұмыстарын ұсынады. Хореографтардың жұмысы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Хореография» кафедрасының бастапқы және жоғарғы буындары студенттері мен көрермендерге тарту етіледі», - делінген хабарламада.
Кешті өткізу мақсаты көрермен қауымды отандық жас хореографтардың шығармаларымен таныстыру болмақ.