Астанада Отбасы күніне орай кітапханаларда көрмелер мен экскурсиялар ұйымдастырылады

АСТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап елордада Отбасы күнін атап өту аясында кітапханаларда экскурсиялар, көрмелер мен «Ашық есік» күндері өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Мәдениет басқармасынан хабарлады. Барлық іс-шаралар 10 қыркүйекке дейін жалғасады.

«Отбасы - басты әлеуметтік институт, бірақ кез-келген бала қоғамда өмір сүруді үйренуі тиіс. Осы мақсатта кітапханаларда баланы сыртқы әлеммен қарым-қатынас орнатуға дайындауға арналған кітап көрмелері ұйымдастырылады. Атап айтқанда, танымдық, энциклопедиялық әдебиет, өмір сүру қауіпсіздігін қорғау, этикет кітаптары, қосымша әдебиеттер»,- деп хабарлады басқармадан.

Сонымен қатар, көрмеге мерзімдік басылымдар мен журналдар да қойылады. «Мурзилка», «Балдырған», «Балақай» - балалар да, ересектер де қызыға оқитын басылымдар.

Астана қаласы Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлерінің айтуынша, балалар кітапханаға жиі келеді. Олардың кітап оқуға деген қызығушылығы байқалады. Балалар арасында «Ұлдарға арналған энциклопедия», «Қыздарға арналған энциклопедия», «Өзің істе», «Шебер қолдар» арнайы кітап шағырылымдары кеңінен қолданылады. Тұрақты оқырмандар қатарында кітапхана абонементін бірінші сыныпта ашқандар да бар.