Президент Жарлығымен 2013 жылдан бастап әр қыркүйектің екінші жексенбісінде Отбасы күні мерекесі атап өтіледі.
Осы орайда мерекеге орай, алғаш рет «Koktal run» жүгіру марафоны өтті.
Бұл іс-шарада 3 жас ерекшелігі бойынша жеңімпаздар анықталды.
«Бүгінгі іс-шарамызды Отбасы күніне орай ұйымдастырып жатырмыз.
Осы мақсатта жүгіру спортын таңдадық. Қысқа қашықтық болғандықтан, кез келген тұрғынның қатысу мүмкіндігі болды. Сайысқа қаламыздың 200-ден астам әуесқой спортшысы қатысты. Отбасында дұрыс тәрбиені бойға сіңіруіміз қажет. Жүгіру – соның көрінісі. Ата-ананың жүгіргенін көріп, бала да салауатты өмір салтын ұстанатыны анық», – деп Сарыарқа ауданының маманы Дамир Хисматуллин өз пікірін білдірді.
Жеңімпаздар:
5 шақырым. Ерлер:
1-орын – Нұрбек Борин 18:45;
2-орын – Асылхан Нақыш 18:46;
3-орын – Юрий Какуркин 19:05.
5 шақырым. Әйелдер:
1-орын – А. Мороз 25:55;
2-орын – Ұ. Талап 26:38;
3-орын – Айнұр Саттыбаева 26:45.
16 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Ұлдар.
2 шақырым.
1-орын – Әлихан Оспанов 7:20;
2-орын – Ерасыл Абсамет 7:27;
3-орын – Думан Рахиберды 7:33.
16 жасқа дейінгі жасөспірімдер. Қыздар.
1 шақырым.
1-орын – Қ. Есеркепова 3:55;
2-орын – У. Қуандық 3:57;
3-орын – І. Сері 4:02;
3-орын – М. Еремина 4:02.
Марафон жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, медаль және бағалы сыйлыққа ие болды.