Бұл туралы бүгін Астана қаласы ІІД Жасөспірімдер ісі жөніндегі бөлім бастығы полиция подполковнигі Гүлнәр Өміршенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Г.Өміршенованың айтуынша, «Отбасы» алдын алу шарасының негізгі міндеті - тұрмысы нашар отбасыларын анықтап, есепке қою, мектепке бармайтын, сондай-ақ себепсіз сабақтан қалатын балаларды анықтау, ата-аналар арасында маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын алу болып табылады. Шара барысында тұрмысы нашар отбасы балаларының жаңа оқу жылына дайындығы тексерілуде.