Астанада өтетін дзюдодан әлем біріншілігіне билеттер сатыла басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 сәуірден бастап www.kazticket.kz және www.worldjudo2015.kz сайттарында елордада өтетін дзюдо күресінен әлем біріншілігіне билеттер сатыла басталды.

Естеріңізге салайық, дзюдо күресінен әлем біріншілігі 24-30 тамыз аралығында Астана қаласында «Алау» мұз айдынында өткізіледі.

Асығыңыздар, билеттер саны шектеулі, деп хабарланған Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының сайтында.