АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «ЭКСПО-2017» аясында өтетін халықаралық марафонды ұйымдастыру комитеті қатысушыларды онлайн тіркеуді аяқтағанын ресми жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жалпы марафонға 5 000 адам қатысатыны белгілі болды. Оның ішінде 2017 метрге 3 мыңнан астам, 10 шақырымға 2 мыңға жуық, ал 42 шақырымға 500-дей адам тіркелгені белгілі болды.
Айта кетейік, ШЫҰ және АӨСШК марафоны 27 тамыз күні таңғы сағат 7:30-да басталады. Марафоншылар елордамыздың ең көрнекті жерлері арқылы жүгіріп өтеді. Сөресі «MEGA SILK WAY» ойын-сауда орталығынан басталады.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.