Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Малайзия, Тәжікстан, Моңғолия, Өзбекстан елдерінен былғары қолғап шеберлері қатысады. Қазақстандық команда құрамында белгілі боксшылар қатысады, оның ішінде ел чемпионаттары, сондай-ақ халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар, атап айтсақ, Сапарбай Айдаров, Әнуар Мұзапаров, Дархан Жұмсақбаев, Әділет Қапезов, Елдос Сарқұлов және т.б.
Атап өтсек, жарыстың салтанатты ашылуы 19 мамырда сағат 11-де С.К. Нұрмағамбетов атындағы республикалық мектепте өтеді.