Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Отырыс барысында Ұйымға мүше мемлекеттер (Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ШЫҰ құрылуының он жылдығына арналған мерейтойлық саммитін 2011 жылдың 15 маусымында Астанада өткізу туралы ұсынысын бірауыздан қолдады.
Осылайша, Астана саммиті Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылған күні өткізілетін болды.