«Аталған спорттық шараны өткізу үшін FIBA тарапы Қазақстанды таңдағанына қуаныштымыз. Бұл жарысқа 30 елден 200-ден астам спортшы келетін болады. Осы чемпионат 18 жасқа дейінгі жастағылар арасында ұйымдастырылады»,-деп атап өтті Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев.
Белгілі болғандай, ойындар «Астана Опера» театры ғимаратының жанындағы алаңда өткізіледі. Сонымен аталған турнирді 30 мыңнан астам көрермен тамашалайды деп күтілуде. Матчтардың тікелей трансляциясын Kazsport телеарнасынан және FIBA-ның Youtube-гі ресми каналынан көруге болады.
Ұлттық баскетбол федерациясының президенті Абай Алпамысовтың сөзіне қарағанда, Қазақстан тарапы екі команданы даярлап отыр. Осы ретте соңғы жарты жылда қызу дайындық жүріп жатыр.
Еіліміз жігіттерінің құрамасы Румыния, Индонезия, Италия және Қатар командаларымен «С» тобында күш сынасатын болады. Ал қыздар «В» тобында Нидерланды, АҚШ, Италия, Польша командаларымен кездеседі.