Қазіргі таңда Ресей Федерациясының Алтай Республикасына қарасты Қосағаш ауданынан Ербол Еділбаев бастаған теңге ілушілер, сондай-ақ Тұрал Әлиевтің жетекшілігімен Әзербайжан елінің спортшылары, Бенсзе Иштван бастаған Венгрия спортшылары, Оразбек Тойғанбаев бастаған қырғызстандық бауырлар, Ахат Қуанышұлы бастаған Қытай елінің сайыпқырандары дүбірлі додаға келеді.
Сонымен қатар Махмад Хакимовтің жетекшілігіндегі тәжікстандық жігіттер, Рахимжан Ходжиматов бастаған өзбек азаматтары, Түркия елінен Алпарслан Жейлан және Моңғолияның Бай-Өлке аймағынан Әуесхан Ром басқарған қандас бауырларымыз келеді деп күтілуде.
Ал қазақ елінің намысын теңге ілуден спорт шебері ақтөбелік Әліхан Машимбаев қорғауы мүмкін. Айта кетейік, сайысқа бір елден бір ғана спортшы қатыстырылады.