АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласында 6-11 қыркүйек күндері өтетін парахоккейден Б пулінде әлем чемпионатының ойын күнтізбесі белгілі болды.
Бұл жөнінде Қазақстан хоккей федерациясы мәлім етті.
Оған Швеция, Жапония, Италия, Франция және Финляндия құрамалары келеді. Астанада өтетін бұл біріншілікте — 2026 жылғы Миланда өтетін XIV қысқы Паралимпиада ойындарына іріктеу турниріне берілетін екі жолдама сарапқа салынады. Барлық ойындар «Тарлан Арена» кешенінде өткізіледі.
Ойын кестесі:
6 қыркүйек. 19:00. Швеция — Қазақстан
7 қыркүйек. 19:00. Жапония — Қазақстан
8 қыркүйек. 19:00. Италия — Қазақстан
9 қыркүйек 19:00. Қазақстан — Франция
11 қыркүйек. 19:00. Қазақстан — Финляндия
Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін барлық ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.