деп хабарлайды ұйымдастыру комитетінен.
Кеше, 26 қыркүйек күні «Поэзия» және «Тележурналистика» аталымдары бойынша қорытындылар шығарылды.
Ойындардың бірінші алтынын Молдова Республикасынан келген Спану Маргарета жеңіп алды. «Күмісті» қазақстандық Саян Есжан, ал қола медальді Қырғыз елінен келген Андрей Рябченко иеленді. Ақындар байқауына он адамның қатысқанын, соның ішінде үшеуі қазақстандық болғанын қосып өтейік.
Қазылар алқасының ортақ шешімі бойынша «Тележурналистика» аталымында алтын және күміс медальдар берілген жоқ. Бірақ қола медаль Галина Грачева және Мария Горевадан тұратын ресейлік командаға берілді. Қалған аталымдар бойынша талас жалғасуда, және бүгін сағат 17:00-де 17 аталым бойынша алтын, күміс және қола жүлдегерлердің есімдері аталады.