Жарысқа 5953 оқушы қатысып, ақтық сында 29 оқушы бақтарын сынады.
Олимпиаданың нәтижесі бойынша, №6 гимназияның оқушысы Иван Нечаев Гран-при иеленді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар - планшеттер, смартфондар, электронды кітаптар табысталды.
Салтанатты марапаттау рәсіміне Астана қалалық Ішкі істер департаменті мен білім басқармасының өкілдері қатысты.