Қызмет көрсету саласы, білім беру мекемелері, денсаулық сақтау ұйымдары, құрылыс фирмалары, қонақ үйлер, автопарктар, ішкі істер органдары сияқты 40-тан астам жұмыс беруші ұйымдары өздерінің 260 жуық бос орындарын ұсынды. Жәрмеңкенің алдын ала қортындысы бойынша 1386 адам жұмысберушілермен тілдесті.
Ескере кетсек, бұл Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырып жатқан төртінші бос орындар Жәрмеңкесі болып табылады. Осыдан бұрын өткізілген жәрмеңкелер нәтижесі бойынша, барлығы 75 азамат жұмысқа орналастырылды.
Бос орындар жәрмеңкесі - ниет білдірушілерге өзінің әлеуетті жұмыс берушілерімен әңгімелесуден өтіп, жұмысқа орналасуына тамаша мүмкіндік береді, сонымен қатар, қайта оқу мен жаңа мамандық алу мүмкіндігі туралы ақпарат алуға көмектеседі.
Осы жылдың басынан бастап, Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығына 4810 тұрғылықты азаматтар өтініш білдірді, олардың 2195 жұмысқа орналастырылды, соның ішінде: қоғамдық жұмыс орындарына - 63 адам орналасты, жастар практикасына - 220 адам жіберілді, қоғамдық жұмыстарға - 919 адам қатысты, оқытуға - 307 адам бағытталды.