Астанада өткен форумда Қазақстанның жаңа жаһандық ахуалдағы дамуы талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформа, даму» атты форум өтті. Форум ұйымдастырушысы Еуразиялық интеграция институты болып табылады.

Форум жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдар, ғылыми-зерттеу ұйымдары, сараптамалық қауымдастық, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты, деп хабарлайды институттың баспасөз қызметінен.

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев атап өткендей, Президент Жолдауы күнделікті өмір мәселелерін шешеді - жұмыс, жалақы, қауіпсіздік, тәртіп, медицина, әлеуметтік қамтамасыз ету. Жолдау жаңалықтарының мәнін елдің әр тұрғынының назарына дейін жеткізу қажет. Жеке міндет - 2017 жылдан бастап тегін кәсіби-техникалық оқытуды енгізу туралы барлық ақпаратты жастардың назарына жеткізу.

«Елдің барлық тарихында алғаш рет ел Президенті жастарды әлеуметтік қорғаудың теңдессіз шарасын жариялады. Бұл - Мемлекет басшысының өскелең ұрпаққа көңіл бөлуінің жоғары деңгейі. Ақпараттық жұмысты қазақстандық мектеп бітірушілерден бастап жүргізу қажет», - деп атап өтті Б. Майлыбаев.

Форум барысында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформа, даму» Жолдауын «100 нақты қадам» ұлт жоспарын және «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыру контекстінде дағдарысқа қарсы стратегияны іске асыру ретінде сараптамалық талқыланды.

Форум қатысушылары Жолдаудың дағдарысқа қарсы шаралары қысқамерзімді әлеуметтік-экономикалық міндеттерді ғана емес, сонымен бірге жаһандық турбуленттілік жағдайында Қазақстанды одан әрі жаңғыртуға жәрдемдесетінін атап өтті.

Форумда «Қазақстан жолы - 2050». 1991-2000 жылдарда қазақстандық социология айнасында мемлекеттің қалыптасуы мен дамуы» монографиясының 1-томы таныстырылды.