Елорданың 16 жылдығына арналған поэзия кешінде өз елімізден ғана емес, сондай-ақ көршілес елдерден 70 ақынның басын қосқан бұл байқауда туған елге деген махаббат негізгі тақырыпқа айналды. Кейінірек үздік өлеңдер жеке кітап болып басылып шығады. Сонымен бірге, «Алтын тамыр» журналында жарияланады.
Еске салайық, байқау 3 кезеңмен өткізілді. Алдымен байқауға қатысуға өтініштер қабылданды (жұмыстар 5 маусымға дейін қабылданды), екінші кезеңде белгілі отандық ақын-жазушылар енген байқау комиссиясы авторлардың еңбектеріне өз бағасын берді. Бұл ретте басты крийтерий туындының бағыттылығы болды, автордың жеке стилі де ескерілді. Ал соңғы кезеңде байқау қорытындысы шығарылып, марапаттау рәсімі өткізілді.