Астанада өткен Сирия мәселесі жөніндегі келіссөздің екінші кезеңіндегі басты нәтиже аталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өткен Сирия мәселесін реттеу бойынша келіссөздің екінші кезеңінде қол жеткізілген басты нәтиже ол елдегі бейбітшілікті бақылау жөніндегі бірлескен топ құру болды, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі Ресейдің Президент әкімшілігіндегі дереккөзіне сілтемемен.

«Астанадағы Сирия мәселесін реттеу бойынша келіссөздің екінші кезеңінде қол жеткізілген басты нәтиже барлық қатысушылардың ол елдегі әскери режімді тоқтатуды бақылау жөніндегі Ресей, Иран және Түркия жасақтаған топты құруға келісуі болды. Бұл үшжақты механизмнің келісімге негізделгенін көрсетіп отыр», - деп мәлімдеген деректі жеткізуші.

Еске сала кетейік, 15-16 ақпан күндері Қазақстанда Астана процессі аясында жоғары деңгейдегі Сирия мәселесін реттеу бойынша келіссөздердің кезекті отырыс өтті.