«Астана Тазалықтың» ақпараты бойынша, қар тазалауға мамандандырылған техниканың 410 бірлігі жұмылдырылған.
«8 желтоқсанда тазаланған қардың жалпы көлемі 17651 текше метрді құрайды. «Астана Тазалық» қала сыртына қардың 1320, өзге мекемелер 12733, "Астана көгалдандыру құрылысы" 1320 текше метрін шығарды», - делінген хабарламада.
16 қазан мен 8 желтоқсан аралығында шығарылған қардың көлемі 735080 текше метрді құрайды. 7 желтоқсанда құм-тұз аралас қоспаның 71 текше метрі себілді.
Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды 109 нөмірі бойынша Астананың iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығының call-орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.
Сондай-ақ, iKomek орталығына келесі әдістер бойынша хабарласуға болады. Telegram-дағы: https://t.me/astanaikomek109_bot чат-боты; astana.gov.kz әкімдік сайты