деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған шараны осы жинақты шығарып отырған Астана қаласындағы «Фолиант» баспасы ұйымдастырып отыр.
«Бұл кітапта қасиетті Отырар өңірінің тарихы, географиясы мен этнографиясы, мәдениеті мен өнері түгел қамтылған. Фотосуреттермен де әдемі безендірілген кітап-альбом 30 баспа табақтан тұрады»,- деді ҚазАқпарат тілшісіне аталған жинақтың авторы Еркін Қыдыр.
Осы басқосуға Парламент депутаттары, билік органдарының жауапты қызметкерлері, зиялы қауым мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылып отыр.
Кітап-альбомның сағат 17-де басталатын таныстырылымында өнер шеберлері ән мен күйден шашу шашады деп күтілуде.