Астанада өзбек азаматтары Алматы тұрғынына оқ атқан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жексенбіде Астанада Өзбекстан азаматтары Алматы қаласының тұрғынына оқ жаудырған, деп хабарлайды Астана қаласы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

«Қаладағы «Керуен» сауда ойын-сауық орталығының жанында белгісіз біреулер травматикалық тапаншадан Алматы қаласының тұрғыны, 1979 жылғы азамат О.Т.Мұқажановты жаралаған. Алайда, зардап шегуші медициналық мекемеге қаралмаған», - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері бұзақылық әрекеттерге барды деген айыппен екі күдіктіні ұстаған. Ұсталғандардың бірі - өзбек елінің тумасы. Ол елордада уақытша тұрып жатқан. Ал екінші Өзбекстан азаматы бұдан бұрын да Қазақстан Республикасының миграцияға қатысы заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Тұтқындалған тұлғалар Астана қаласындағы Ішкі істер департаментінің уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды. Бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 257 бабының 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.