Астанада Өзбекстан азаматтары уланып қалды: екі адам көз жұмып, тағы бірі ауруханаға жеткізілді

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада Өзбекстан азаматтары газбен уланып қалды: екі адам көз жұмып, тағы бірі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Бейсенбі, 19 сәуір күні Астанадағы «Көктал-2» тұрғын алқабында, баспана ретінде пайдаланылатын вагоншада балоннан тұрмыстық газдың шығуы салдарынан Өзбекстан азаматтары: 19 және 18 жастағы екі жас жігіт оқиға орнында көз жұмды, 48 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді.