Жарысты Астана қаласы әкімдігінің мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Елорда» спорт клубы өткізді.
Сайысқа клуб спортшыларымен қатар, аталған мекеменің қызметкерлері де қатысып, өз күштерін сынады.
Жарыс жеңімпаздары келесідей:
Пневматикалық тапаншамен ату:
1-орын — Севда Алиева;
2-орын — Александр Пасхалиди.
Пневматикалық винтовкамен ату (үстелден):
1-орын — Әйгерім Төлеген;
2-орын — Ардақ Отарбай.
Пневматикалық винтовкамен ату:
1-орын — Виктор Федюкин;
2-орын — Қайрат Тастемір.
— Жалпы алғанда, қалалық ашық чемпионатқа 25 спортшы қатысты. Жеңістің 80 жылдығына орай біз барлығы төрт жарыс ұйымдастырдық. Атап айтқанда: мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында шахмат, дойбы, отырып ойнау волейболы және бүгінгі пара оқ ату жарысы өтті. Бұл жарыстар — ел тәуелсіздігі жолында жанын пида еткен батырларға көрсетілген құрметтің, әрі инклюзивті спортты дамытуға бағытталған маңызды қадамның айқын көрінісі, — деді мекеме басшысы Азамат Тағаев.
Қызметкерлер арасындағы нәтижелер:
Ерлер арасында:
1-орын — Олжас Мұқан;
2-орын — Азамат Тағаев;
3-орын — Бағдат Ерімбет;
Әйелдер арасында:
1-орын — Жансұлу Алина;
2-орын — Айгүл Жамаладина;
3-орын — Сәуле Дуанова.
Айта кетелік бұған дейін еліміздегі ең танымал ТОП-10 спорт түрі туралы жазған едік.