АСТАНА.KAZINFORM - Астанада алғаш рет пара дзюдодан әлем чемпионаты өтеді.
Бұл жөнінде еліміздің пара дзюдодан федеарциясы мәлім етті.
Дүбірлі дода 13-15 мамыр аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткізіледі. Әлем чемпионатына 40-қа жуық мемлекеттен спортшылары келеді деп жоспарланып отыр.
Пара дзюдо 1988 жылы ерлер арасында Паралимпиада ойындары бағдарлаамсына енгізілсе, 2004 жылдан бері әйелдер арасында да жүлделер сарапқа салынады.
Ақмарал Науатбек және әлемнің үздік пара дзюдошылары Париж Паралимпиадасынан кейін жаңа салмақта бас жүлдеге таласпақ.
Елімізде пара дзюдо спорты кеңінен дамып келеді. 2024 жылы Париж Олимпиадасында Ақмарал Науатбек чемпион атағын жеңіп алды.
Ол парадзюдодан J2 класында 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.